Ақтөбеге ұшып бара жатқан ұшақ Алматыға қайта қонды

Ақтөбеге ұшып бара жатқан ұшақ Алматыға қайта қонды

Air Astana әуе компаниясының Ақтөбеге ұшып шыққан ұшағы Алматы әуежайына кері оралып, қайта қонды.

«Алматы-Ақтөбе» бағытына қатынайтын K 863 ұшағы бүгін Алматыдан 05:30-да ұшып шықты. Техникалық себептерге және бара жатқан әуежайда техникалық қызметтің көрсетілмейтіндігіне байланысты командир кері оралу туралы шешім шығарды» делінген ресми хабарламада.

Ұшақ бүгін рейсті орындау үшін сағат 15:40-та Алматыдан Ақтөбеге ұшады.