Дереккөздің жазуынша, Айыртау ауданындағы әлемдегі ең ірі Сырымбет қалайы кен орнын игеру үшін Tin One Mining тау-кен компаниясына 48 гектар орман алқабы беріледі.
Әкімдік кен орны Имантау-Шалқар курорттық аймағына кірмейтіні айтты. Орманда үш мың текше метр ағаш өседі, соның ішінде қайың көп. Облыста жыл сайын 350 мың текше метрге жуық орманды отын үшін отайды. 1000 гектарға жуық орман өсіріледі.«Орман шығынын өтеу үшін бюджетке төленетін төлемдерден басқа, Tin One Mining компаниясы берілген учаскенің екі еселенген аумағына, яғни 97 гектарға орман өсіру міндетін алды» делінген әкімдік хабарламасында.
Әкімдіктің мәліметінше, кен орнының жылдық өнімділігі – 2,5 миллион тонна. Дамуға бөлінетін жеке инвестициялар көлемі 130 миллиард теңгеден асады деп жоспарланған. 600 жұмыс орны ашылуы тиіс.