Аттракционда арқанмен секірген әйелдің өлімі: күдікті ұсталды
Аттракционда арқанмен секірген әйелдің өлімі: күдікті ұсталды
Фото: kznews.kz
205
оқылды

Қонақүйдің шатырына орнатылған аттракционда арқан байлап секіріп, қаза тапқан әйелдің өліміне қатысты күдікті ұсталды.

Биыл 10 қазан күні «Созвездие» қонақүйінің аумағында 33 жастағы әйел қайтыс болды. Ол 9 қабатты қонақүйдің шатырына орнатылған аттракционнан 25 метр биіктіктен секірген. Бүгін полицейлер аттракционның нұсқаушысын қамауға алды.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин: «Тергеу барысында қауіпсіздік техникасын өрескел бұзған 32 жастағы аттракцион нұсқаушысы анықталды. Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр», – деді.