Тоқаев АӨСШК кеңесіне қатысып жатқан делегация басшыларымен кездесті
Тоқаев АӨСШК кеңесіне қатысып жатқан делегация басшыларымен кездесті

Қазақстан Президенті АӨСШК Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысып жатқан делегация басшыларымен кездесті, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің 6-кеңесінің жұмысына қатысып отырған делегация басшыларымен кездесу өткізді. Жиынға Бахрейн, Беларусь, Үндістан, Қатар, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан елдерінің Сыртқы істер министрлері, Израильдің туризм министрі, сондай-ақ 5 халықаралық ұйым мен 15 мемлекеттің дипломатиялық миссиясының басшылары қатысты.
 />Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында  Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес өткізуге Қазақстанның бастамашы болғанын және Кеңестің географиялық аясы мен күн тәртібінің ауқымы кеңейген құрлықтық платформаға айналғанын атап өтті.

Президенттің пікірінше, қазіргі таңда бейбітшілікті қолдау, ынтымақтастық орнату және даму мүддесі тұрғысынан Азия елдерінің ұжымдық күш-жігері мен даналығын үйлестіру үшін Кеңестің әлеуеті зор.

Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің бәріне және Кеңес хатшылығына Қазақстанның төрағалығы аясында жасалған өзара табысты іс-қимылдары үшін ризашылығын білдірді.
<blockquote>– Өздеріңізге мәлім, біз АӨСШК-ті толыққанды халықаралық ұйымға айналдырудың стратегиялық мақсаттарына негізделген бірқатар маңызды басымдықтарды айқындадық. Кеңестің халықаралық ұйымға қажетті барлық элементтері, атап айтқанда, негізгі құжаттары, басқарушы және жұмыс органдары, оперативтік бюджеті мен тұрақты хатшылығы бар. Ұсынылып отырған трансформация Азияның жаһандық істерді реттеудегі жаңа рөлін айқын көрсетеді. Бұл қадам Кеңеске мүше мемлекеттердің ірі құрлықтағы ортақ, бірыңғай және тұтас қауіпсіздіктің архитектурасын қалыптастыруға бейілді екенін нақтылайды, – деді Қазақстан Президенті.</blockquote>
<img src=