Министрлердің жұбайының қандай бизнестері бар?
Министрлердің жұбайының қандай бизнестері бар?
©А.Ахметқазы
581
оқылды

Ақтоты Райымқұлова

Ашық дереккөздің мәліметінше, Мәдениет және спорт министрінің жұбайы Нұрлан Қарамановтың ауыл шаруашылығы саласында 3 кәсібі бар. "ЗЕРНОВОЙ ТЕРМИНАЛ "KHORGOS LIANGKU" ЖШС - астықты қоймаға қою және сақтаумен айналысады, 2014 жылы тіркелген "ЖЕРАНА НУР" ЖШС - сүтті бағыттағы ірі қара мал көбейтумен айналысады, 2016 жылы тіркелген. Бұл екі компанияның мемлекетке қанша салық төлейтіні, жылдық табысы туралы мәлімет Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында да, басқа порталдарда да көрсетілмеген. "РТК КАЗАХСТАН" ЖШС - көлік-экспедиция қызметімен айналысады, 2013 жылы тіркелген, 2016 жылдан бері мемлекет бюджетіне салық төлеп келе жатыр. 2021 жылдың жартысының өзінде 25,8 млн теңге салық төлеп үлгерген. Ең көп салықты 2016 жылы төлеген (28,5 млн тг). Айта кетейік, Нұрлан Қараманов Қазақ ССР-нің алғашқы премьер-министрі, қоғам қайраткері Ұзақбай Қарамановтың екінші ұлы.

Әсет Ерғалиев

Экономика министрлігінің мәліметінше, министрдің жұбайы Камила Ерғалиеваның хоббиі – дизайнерлік өнер. Оның астанадағы Есіл ауданында тіркелген Camiinterior жеке кәсіпкерлігі бар. Шағын кәсіпорын дизайнер қызметімен айналысады. ЖК биыл 27 қыркүйекте тіркелген, мемлекетке салық төлеп үлгермеген. Дегенмен бұл ЖК-нің атауы бұған дейін "ИРГАЛИЕВА КАМИЛА ОМЕРТАЕВНА" аталған. Statsnet.co порталының дерегінше, 2017 жылы жылдық табысы 3,6 млн теңге болған. 2020 жылы 6 млн теңге, 2021 жылы 2,1 млн теңге табыс тапқан.

Бағдат Мусин

Ашық дереккөздер мәліметінше, Бағдат Мусиның жұбайы Дина Мусина-Ауғанбаеваның бірнеше бизнесі болған. Солардың бірі - Rumi Management ЖШС 33% акциясына ие болған. Оны 2018 жылы сатып жіберген. [caption id="attachment_165885" align="aligncenter" width="800"] width= Мусиндер отбасы[/caption] [caption id="attachment_165884" align="aligncenter" width="720"]Дина Мусина Дина Мусина сол жақтан санағанда екінші тұр. Фото: Forbes.kz[/caption] «Имбирь» тай массаж салонының негізін қалаушы, иесі. Салон "KA-ASAA" ЖШС атында тіркелген. Қазақстан бойынша 7 салоны бар. 2017 жылдан жылдан бері жұмыс істейді. Statsnet.co порталының дерегінше, "KA-ASAA" ЖШС-ның 2021 жылғы табысы шамамен 15,9 млн теңге, 2018 жылы көп табыс тапқан - 36,7 млн теңге. Сол жылы мемлекет қазынасына 2,2 млн теңге салық төлеген. [caption id="attachment_165811" align="aligncenter" width="1200"]"KA-ASAA" ЖШС-ның бюджетке төлеген салық мөлшері "KA-ASAA" ЖШС-ның бюджетке төлеген салық мөлшері[/caption]

Дина Мусинаның атында тағы бір жеке кәсіпкерлік тіркелген. Statsnet.co порталының дерегінше, "АУГАНБАЕВА-МУСИНА ДИНА АЛПИЕВНА" жеке кәсіпкерлігінің жылдық табысы 2021 жылы - шамамен 30,6 млн теңге, 2018 жылы шамамен 176 млн теңге, 2019 жылы  80 млн теңге, 2020 жылы 48 млн теңге тапқан. Компанияның бағыты - зияткерлік меншік пен ұқсас өнімдердің лизингі.

Серікқали Брекешев

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің жұбайы Шырын Брекешова көтерме саудамен айналысатын CASPI INVEST ЖШС директоры. Компания 2014 жылы тіркелген. 2020 жылы мемлекет қазынасына 24,2 млн теңге салық төлеген. Ал 2019 жылы 77 мың теңге салық төлеген.

Мұхтар Тілеуберді

Оpi.dfo.kz мәліметінше, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің жұбайы - Жанна Рахманбердиева. Statsnet.co дерегінше, оның жеке меншікті жалға беру және басқарумен айналысатын жеке кәсіпкерлігі болған. 2019 жылы тіркеуден шығарылған. Бірақ Statsnet.co порталында 2021 жылғы табысы 95,5 млн теңге болған. 2020 жылы 84,5 млн теңге, 2019 жылы 91 млн теңге табыс тапқан.

Ербол Қарашөкеев

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің жұбайы Алина Қарашөкееваның атында 2011 жылы AI Print ЖК тіркелген. ЖК 2019 жылы шілдеде тіркеуден шығарылған. Компания полиграфия қызметін көрсеткен.