Есеп комитеті Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына дайындыққа бөлінген бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына аудит жүргізетінін хабарлады.
Қазіргі уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Есеп комитеті Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына дайындыққа бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізуде, – делінген Тергеу комитетінің хабарламасында.Мемлекет басшысы Ұлттық құраманың қорытынды нәтижесі – сегіз қола медаль және жалпы командалық есепте 83-орын Қазақстанның спорттық әлеуетіне және мемлекеттің спортты дамытуға қосқан елеулі қаражатына сәйкес келмейтінін мәлімдеген. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар сегіз қола медаль жеңіп алды.