Беларусь Республикасының бастамасы бойынша 14 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының өзекті мәселелері және ЕАЭК-ке мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылайды»,- деп жазды ол.