Үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: inform.kz
5,086
оқылды
Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне қарағанда, 13 қазанда Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, оның күші 15-20, екпіні 23 м/с-ке жетеді. 13 қазан күні Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан ескен желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. Атырау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан есіп, облыстың батысында, орталығында екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.