СҚО-да үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
СҚО-да үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
Фото: Ашық дереккөзден
Солтүстік Қазақстанда жеңіл автомобиль екі жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан ВАЗ жолаушысы қаза болды. Жол апаты сейсенбі, 12 қазанда Нұр-Сұлтан – Петропавл тасжолында болды.
"Көпір іспеттес нысанға жақындай бергенде ВАЗ-2112, ГАЗ 3507 және ГАЗель маркалы көліктер соқтығысып қалды. Қайғылы оқиға салдарынан жеңіл автокөлікте болған 1975 жылғы жолаушы көз жұмды", – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты бірыңғай сотқа дейінгі тергеулер тізіміне енгізілді. Зардап шеккендердің барлығы медициналық мекемеге жеткізілді.