Ауыл көшесін жөндеп, тұрғындардың алғысын алды
Ауыл көшесін жөндеп, тұрғындардың алғысын алды
160
оқылды
«Халыққа көмек» жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Ескелді аудандық филиалына Қарабұлақ ауылы Резников көшесінің тұрғындары көшелерін жөндеу керек екенін айтып, өтініш білдірді. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Тазабекұлы өз тарапынан «Қарабұлақ» Бастауыш партия ұйымы төрағасы Берік Оңалбайұлының қабылдауын ұйымдастырып, Резников көшесінің жолын орташа жөндеу мәселесін өз бақылауына алды. Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылы Резников көшесінің 580 метр жолын жөндеуге жергілікті бюджеттен 5 млн 628 мың теңге бөлінді. Қазір жол жөнделіп, пайдалануға берілді.
 Ал Еңбекші аудандық партия филиалына Қаратөбе аумағы Базарқақпа тұрғын алабы тұрғындарының атынан Р.Ризаев Е.Исраилов көшесінің асфальтын жөндеуге өтініш білдірді.
Өтініш берушінің мәселесімен «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық,  Еңбекші аудандық филиалы толыққанды танысып шықты. Мәселені қарай келе, Еңбекші ауданының әкімі Досбол Күздікбайұлының ықпалымен Е.Исраилов көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болып шешілді. 2021 жылдың қыркүйек айында 2 040 340 тенге қаражат бөлініп, жолдың беткі қабатына асфальт төселіп, тұрғындардың мәселесі оңынан шешілді.  width=