Маңғыстау мен Шетпеге мал азығын жөнелтіп, көмектесті
Маңғыстау мен Шетпеге мал азығын жөнелтіп, көмектесті
Партияның Маңғыстау аудандық филиалына  келген ауыл тұрғындары мал азығына көмек сұрап, өтініш білдірді. Аудандық филиалдың ұйымдастыруымен бұл мәселе бойынша тұрғындар Ақтөбе ауылдық округі әкімі Сүйіндік Орналыұлының қабылдауында болды. Маңғыстау ауданы тұрғындарының мәселесі қолға алынып, республиканың басқа аймақтарынан жем-шөп сатып алынып жатыр. «Ұштаған» БПҰ төрағасы Сүйіндік Орналыұлының бастамасымен, Ұштаған ауылына төмендетілген бағамен Ақтөбе облысынан 15 автокөлік шөп әкелу жұмыстары ұйымдастырылып, қыстық қор жиналды. Жұмыс әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Ерікті Құрмет бастаған азаматтарға қолдау білдіріліп, Шетпе теміржол стансасына вагонмен келген шөп Ұштаған, Жарма, Сазды елді мекендеріне жеткізіліп, тұрғындарға таратылды. Қазір округ елді мекендерінде, яғни 151 үйге  10 тайдан тегін шөп таратылды. Бұдан да басқа жеңілдетілген бағамен сатылған 15 автокөлік шөп Ақтөбе ауылдық округі жеке қожалықтары мен шаруа қожалықтарының қыстық қорына жинақталды.