Үйдің кілтін сыйлап, 4 отбасыны қуанышқа бөледі
Үйдің кілтін сыйлап, 4 отбасыны қуанышқа бөледі
Бірлік  ауылдық округінің тұрғындары "Nur Otan" партиясы Келес аудандық филиалына үй мәселесімен көмек сұрап, өтініш білдірген болатын. "Nur Otan" партиясы Келес аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Әбдіраманұлы Бірлік ауылдық округі тұрғындарының өтінішімен танысты. Осыдан кейін Келес аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Н.Шаулиев ескі әкімшілік ғимаратын қайта күрделі жөндеуден өткізіп, Бірлік ауылдық округі орталығында төрт үй тұрғызды. Осылайша, Бірлік ауылдық округінде пәтер жалдап тұратын, көпбалалы, аз қамтылған төрт отбасын қуанышқа бөлеп, іші жиһазға толған үйдің кілтін салтанатты түрде табыс етті. ​ Өтініш иелері "Nur Otan" партиясы  Келес аудандық филиалына және Келес аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Н.Шаулиевке  алғыс білдірді.