АӨСШК аясындағы кездесулер
АӨСШК аясындағы кездесулер
192
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады.

Қазақстан Президенті Азия­дағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомство басшы­ла­ры­ның алтыншы кеңесіне қа­тысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады. Кездесу аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспек­тілері, атап айтқанда сауда-эконо­ми­калық және мәдени-гуманитар­лық байланыстар талқыланды. Сонымен қатар өңірлік күн тәртібі, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бағытындағы ха­лық­аралық күшті жұмылдыру мә­селелері сөз болды. Мемлекет басшысы Қазақстан тарапынан осы елге көрсетіліп отырған гу­ма­нитарлық көмек шаралары туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Азия­дағы қауіпсіздік, жанжал­дардың алдын алу және бейбітшілікті қолдау мәселелерін шешудің ұжым­­дық тәсілдерін пысықтау үшін кеңестің жұмысын ілгері­летудегі Ресейдің маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен бірге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үн­дістанның Сыртқы істер министрі Субраманиям Джайшанкарды қабылдады. Кездесуде саяси, сауда-эко­номикалық және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты күшейту бойынша Қазақстан мен Үндістан арасындағы көп жос­пар­лы байланыстарды дамытудың келешегі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Субра­маниям Джайшанкармен әңгіме­лесу барысында кеңеске мүше мем­­лекеттердің министрлерінің бү­­гінгі кездесуіне Үндістанның қа­­тысқаны маңызды екенін ай­тып, ол елдің басшылығына Қа­зақ­станның бастамаларына қолдау көрсеткені үшін риза­шылығын білдірді. Өз кезегінде Үндістанның сырт­қы саяси ведомствосының бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталық Азия өңірін ын­ты­мақтастықтың маңызды ба­­ғыты санайтынын, Үндіс­тан­ның Премьер-министрі Нарендра Моди­дің сәлемін жет­кізді. Бұл ретте үнді дипло­маты өз елі бас­шы­­лығының аты­нан Қазақстан Пре­зи­дентін келесі жылы Үн­діс­тан­ға сапармен ке­луге шақырды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы АӨСШК Сыртқы істер министр­лері кеңесінің алтыншы отыры­сына қатысу үшін елімізге келген Тү­рік­менстан Министрлер каби­неті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады. Мемлекет басшысы Түрік­менстан өткізген Орталық Азия мем­лекеттері басшыларының үшінші Консультативтік кезде­суінде ынтымақтастықты одан әрі күшейту әрі жаңа мүмкіндіктерге жол ашу мақсатымен өзекті мә­селелер талқыланғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев түрік­менстандық дипломатқа АӨСШК Сыртқы істер министрлері кеңе­сінің алтыншы отырысына қа­ты­сып, Қазақстанның бастама­ла­рына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Рашид Мередов Қазақстан Президентіне қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, Түрікменстан Пре­­­зиденті Гурбангулы Бер­ді­мұ­хаме­дов­тің өз еліне мемлекеттік сапар­мен келуге шақыруын табыс етті. Қасым-Жомарт Тоқаев ша­қыртуды қабыл алатынын айтып, қазақ-түрікмен ынтымақтас­ты­ғына барлық сала бойынша тың серпін беру мақсатында жуық арада Ашхабадқа сапармен бара­тынын жеткізді.