Испаниядағы турнирдің екінші айналымына шықты
Испаниядағы турнирдің екінші айналымына шықты
168
оқылды

Қазақстандық Денис Евсеев Испаниядағы Аликанте челленджер турнирінің екінші айналымына өтті.

Дүниежүзілік рейтингте 406-орында тұрған Денис бұл додаға іріктеу сайыстарынан кейін қосылған еді. Ол алғашқы айналымда отандасы, әлемнің 165-інші, осы жарыстың 5-ракеткасы Дмитрий Попкомен шеберлік байқасты. Бұған дейін қос теннисші екі рет кездесіп, онда Попко басым түскен еді.Бұл жолы екі сағатқа жуық созылған тартысты бәсекеде 28 жастағы Д.Евсеев 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Матч барысында Денис 2 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді. Қарсыласы 4 эйс, 2 брейкке (7 брейк-пойнт) қол жеткізді. Енді Евсеев ширек финалға шығу үшін әлемнің 224-ракеткасы, өзбекстандық Денис Истоминмен таласады. Тағы бір қазақстандық Тимофей Скатов Наполи (Италия) челленджер турнирінде испаниялық Альваро Лопес Сан Мартиннен 3:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

А.ЖАСАН