Көпқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды
Көпқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды
Фото: ТЖД-нен алынды

Кеше кешкі сағат 19:05-те Көктем, 5-үй мекенжайы бойынша орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерде болған.

«Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 22 қызметкер мен 6 арнайы техника, жедел жәрдемнің 12 қызметкері мен 4 техникасы, полиция басқармасының 16 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды», – деді құтқарушылар.

Жарылыстан пәтерлер арасындағы гипсокартоннан жасалған қабырға мен балкон қираған. «Өрт сөндірушілер 3 адамды (оның екеуі бала) эвакуациялады. Екі адам медициналық көмек алды. Оның бірі жарылыс болған пәтердің тұрғыны, 1970 жылғы ер адамның аяғын 20 процент күйік шалса, тағы бірі 1994 жылғы тұрғын зардап шекті», – деді департамент өкілі.

Бұған дейін жатақханада газ баллоны жарылғанын жазған болатынбыз.