Шуда 160 келі есірткі дайындаған ер адам ұсталды
Шуда 160 келі есірткі дайындаған ер адам ұсталды
Фото: ПД-нен алынды
142
оқылды

Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2021» іс-шарасын өткізді.

Тексеру барысында Шу ауданынан 100 шақырым жерде 27 жастағы жергілікті тұрғынды есірткі дайындап жатқан кезде ұстады. Айналаны тексеріп, салмағы 60 келі 440 грамм болатын каннабис табылды. Сонымен қатар жалпы салмағы 103 келі 240 грамм кептірілген марихуананың 10 қабы тәркіленді. Күдікті 10 қап марихуананы жазда солтүстікке жеткізу үшін дайындап, жасырған.
«Ұсталған ер адам кінәсін мойындады, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Үш жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады. Қазіргі уақытта қылмыстық әрекетті ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен қайта саралау қарастырылуда. Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған» делінген полицияның ресми хабарламасында.

Бұған дейін үйінде 20 қап есірткі сақтаған тұрғын туралы жазған болатынбыз.