30 жыл ішінде алғаш рет биыл 662 мың шаршы метр пайдалануға беріледі. Көп жылдан бері игерілмеген жерлерде жаңа аудандар пайда болды.
– Өткен жылмен салыстырғанда бізде тұрғын үй құрылысы 25%-ға өсті. 2021 жылдың 9 айында 400 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, – деді Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Абзал Жайлыбаев. – Биыл 662 мың шаршы метрді пайдалануға беру жоспарланған.Саягүл Ниязбекованың баспанасын мемлекет сатып алу құқығынсыз жалға берді. Ол айына 7800 теңге және коммуналдық қызметтерді төлейді.- Қаңтар айында әкімдіктен пәтер кілтін алдым. Эмоцияларым, әрине, керемет болды, қуаныштан көзіме жас келді, – дейді қоныстанушы. – Бұған дейін төрт баламмен ЖБИ-дегі барак үлгісіндегі үйде тұрдық. Су жоқ, пеш жағылды. Енді мен жұмыстан шаршап келгенде, жылы үйіме кіремін, құбырдан ыстық және суық су ағып тұр. Аялдама мен мектеп жақын. Серуендеуге арналған саябақ бар.
Жыл соңына дейін Қарағанды облысында кезекте тұрған 3 мыңға жуық адам баспанамен қамтылады. Алдағы уақытта 830 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарда бар.