Көлік сатып алуға келген ер адамды пышақтап, 10 миллион теңгесін тартып алған
Көлік сатып алуға келген ер адамды пышақтап, 10 миллион теңгесін тартып алған
Фото: polisia.kz
154
оқылды

22 жастағы Есік қаласының тұрғыны өзінен көлік сатып алуға келген азаматты пышақтап, 10 миллион теңгесін тартып алған.

Еңбекшіқазақ ауданы Полиция басқармасының бастығы Жақсылық Алтынбаевтың айтуынша, полицияға ауруханаға пышақ жарақаты бар 33 жастағы Алматы қаласының тұрғыны жеткізілгені туралы хабар түсті. Полицейлер ауруханаға барып, оқиғаның мән-жайын анықтады. Көлік сатып аламын деп Есікке келген ер адамды көлік иесі пышақтаған. Оның 10 миллион теңгесін тартып алған. Зардап шеккен Алматы қаласының тұрғыны күдіктіден Tоyota Camry 70 автокөлігін сатып алмақ болған. Екеуі Есік қаласында кездескен. Полиция күдіктіні ұстады. Уақытша ұстау изоляторына қамалды.