Жүргізуші куәлігін алатындарды қабылдау қайта басталды
Жүргізуші куәлігін алатындарды қабылдау қайта басталды
Фото: nur.kz
165
оқылды

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» хабарлады.

«Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасындағы ақауға байланысты 13 қазанда мамандандырылған ХҚО-ларда жүргізуші куәліктерін беру бойынша клиенттерді қабылдау уақытша тоқтатылған болатын. Қазіргі уақытта барлық ақау жойылып, автоХҚО клиенттерді қайта қабылдап жатыр» делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін жүргізуші куәлігін сатқан полицей туралы жазған болатынбыз.