Көлік жүргізушісін алдап, ақша алған 2 полицейге қатысты сот үкімі шықты
Көлік жүргізушісін алдап, ақша алған 2 полицейге қатысты сот үкімі шықты
Фото: aqmolanews.kz
119
оқылды

Петропавл қалалық соты алаяқтық үшін патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметінше, биыл 21 сәуірде екі инспектор жүргізушіге оның жол қозғалысы ережелерін бұзғаны туралы жалған ақпарат беріп, алдап 150 мың теңге ақшасын алған.

Петропавл қалалық соты 12 қазанда тәртіп сақшыларына қатысты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса) бойынша қылмыстық істі қарап, үкім шығарды. Бұрынғы екі инспекторға алған ақшаның 10 еселенген мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сондай-ақ олар өмір бойына құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды.