Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?
Фото: kdmks.ru

Екі күнде антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек 16 қазанда солтүстік-батыс циклон ықпалымен, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаңбыр жауады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде желдің күшеюі күтіледі, шаңды дауыл сақталады. Күндіз елдің батысында, солтүстік-батысында 15-23 градус жылы болады. Солтүстік, шығыс пен орталықта 7-15 градус, оңтүстік, оңтүстік-шығыста 12-21 градус жылы болады.