Ажал аттракциондары: қауіпсіздікке кім жауапты?
Ажал аттракциондары: қауіпсіздікке кім жауапты?
©А.Ахметқазы
164
оқылды
Осыдан екі күн бұрын Қарағандыда 33 жастағы келіншек 30 метр биіктіктен секіріп, көз жұмды. Роупджампинг оның хоббиі болған. Ол бұған дейін де ғимараттың төбесінен екі рет секірген. Туған күніне берілген сыйлықтың соңы қайғылы жағдаймен аяқталатынын кім білген? Қазір марқұмның екі баласы жетім қалды. Ал Евгения Леонтьеваның әпкесі ешкімді кінәламайтынын айтты. Алайда осындай жағдайлар елімізде қаншама десеңіздерші?! [caption id="attachment_165776" align="alignnone" width="1024"]аттракцион аттракцион[/caption]

– Ұйымдастырушыларды білмеймін, «Fly» компаниясы деп естідім, бірақ ол жерден ешкімді танымаймын. Негізі, басқа жерден секіру керек еді, бірақ «Созвездие» қонақүйіне ауыстырды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ақпаратты жарияламау туралы қағазға қол қойдық, басқа ештеңе айта алмаймын, – деді марқұмның әпкесі Марина.

Қазір осы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалған. ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлігі бойынша күдіктілер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әзірге Қарағандыда секіруді ұйымдастыратын компанияның ұйымдастырушыларының бірі Ресей азаматы екені анықталды. Ол қазір көрші мемлекетте екен. [caption id="attachment_165777" align="alignnone" width="1024"]аттракцион аттракцион[/caption] Осындай жағдай Шымкентте де болған. 56 жастағы азамат шаһарға Қызылордадан қыдырып келген екен. Содан айналаны шолатын дөңгелек шығырға отырып, қаланы биіктен тамашалаған. Мұнан соң «Хаммер» деп аталатын құрылғыға отырған. Куәгерлердің сөзінше, аттракцион іске қосылған сәттен ол өзін жайсыз сезініп, артынша сұлқ түсіп, қимылсыз қалған. Оның жүрек соғысының тоқтағанын операторлар ойын біткен соң белдікті шешіп жатқанда бір-ақ білген. Жедел жәрдем келгенімен, ажалдан аман алып қалу мүмкін болмады.

Оқиғаның жай-жапсары тексеріліп бастағанымен, соңы не болғаны белгісіз. Алайда саябақтың әкімшісі Ерболат Төлеевтің сөзінше, белбеуді таққан кезде қауіпсіздік жағы тексеріліпті. «Аттракционға кіріп жатқанда «Жүрегіңіз көтере ме?» деп сұраған. Ол болса «Бұрын ұшқыш болғанмын» деп жауап берген» екен.

Мұндай қайғылы жағдай «Қиял әлемі» саябағында екінші рет қайталанып отыр. Биылғы жылдың мамыр айында 17 жастағы жасөспірім  металл конструкциядан құлап, мерт болған. Кәмелетке толмаған баланың техносаябақта қайтыс болу фактісі бойынша ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары да жүргізілді. Дегенмен кінәлілер анықталып, жауапқа тартылғаны белгісіз. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=mFJiMQ677Oc&t=5s[/embed] Тағы бір сондай жағдай Алматыдағы Көктөбеде болған. Көктебедегі аттракционнан 13 жастағы бала ұшып түсіп, сүйегі 9 жерден сынған. Бұл туралы Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының басшысы мәлімдеген. Оның айтуынша, баланың омыртқасы төрт жерден, тобығы және аяғы бірнеше жерден сынған екен. Сол кезде жасөспірімнің аяғына ота жасалып, 10 күндей ем-дом қабылдаған. Баланың ата-анасы шағым түсірмеген соң, ешқандай іс қозғалмаған. Міне, бұл жағдайдың бәрі – бір жылдың ішінде болған жайттар. Қай-қайсысында болсын, кінәлілер анықталып, жауапқа тартылмады. Осылай жауапсыздық таныта берсе, оның арты не болмақ?