Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан халқын иммундау жөніндегі консультативтік комиссия азаматтарды коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинациялау тәсілдерін әзірледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook-парақшасында жазды. Бұл мәселе коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды. Коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсы аяқталғаннан кейін 6-9 айдан кейін қосымша дозаны енгізу ұсынылады, бұл ретте:
- векторлық (Спутник) вакциналармен екпе алған адамдарға 9 айдан кейін инактивацияланған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer) ревакцинация;
- белсенділігі жойылған вакциналармен (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакцинация алған азаматтарға векторлық (Спутник) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer) 6 айдан кейін ревакцинация;
- М-РНК вакцинасымен (Pfizer) вакцинация алған адамдарға 6 айдан кейін белсенділігі жойылған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник) вакцинамен ревакцинация;
- вакцинация курсынан өткен коронавируспен ауырған адамдар сауыққаннан кейін 3 айдан соң қайта егіледі.