Ақмола облысы Аршалы ауылының тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді, – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«12 қазан күні 13:52 -де Аршалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне елді мекен тұрғыны қоңырау шалған. Ол үйдің ауласында көршісінің ес-түссіз жатқанын хабарлады. Аршалы ауылының тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберген», – делінген хабарламада.Полицияның мәліметінше, суицид туралы хат табылмады. Ер адам Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық мекемелердің бірінде емделіп жатқан әкесімен бірге тұрған.
«Өз-өзіне қол жұмсау себебі әзірге белгісіз, марқұмның несиесі болмаған. ҚР ҚК 105-бабы бойынша (суицидке дейін жеткізу) тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.