Қазақстанның 4 облысында ескерту жарияланды
Қазақстанның 4 облысында ескерту жарияланды
© mail.kz
5,349
оқылды
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, "Қазгидромет" РМК. 14 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігіне, батысына, 15 қазанда солтүстігінде, шығысына тұман түседі. 14 қазанда Ақмола облысының солтүстігіне тұман түсуі ықтимал. 14 қазанда Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз Мұғалжар ауданында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 14-16 қазанда Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғып, оның күші 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін.