Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік жол апаты: аман қалған қыз ауруханадан шықты
Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік жол апаты: аман қалған қыз ауруханадан шықты
Фото: instagram.com/astanovka98
269
оқылды
30 қыркүйекте елордадағы көпірде болған апаттан зардап шеккен 18 жасар қыз ауруханадан шықты. Бұл туралы академик Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы мәлімдеді.
«30 қыркүйекте біздің орталықтың қабылдау бөліміне түскен. Науқасты тексеріп, омыртқасы мен жұлынына шұғыл ота жасалды. Ота 4,5 сағатқа созылды. Науқастың жағдайы тұрақтанғаннан кейін одан әрі емдеу үшін жалпы бөлімге ауыстырылды. Кеше қыз үйге шықты, қазір өздігінен қозғала алады. Алда оны оңалту шаралары күтіп тұр», – деді ғылыми орталықтың баспасөз қызметі.
30 қыркүйек күні елордада жантүршігерлік көлік апатынан 5 адам мерт болып, жалғыз қыз аман қалған болатын.