UFC промоушенінде өнер көрсететін қазақстандық Мария Агапова (10-2) колумбиялық Сабина Мазоны (9-3) жеңгеннен кейін, жекпе-жектерден уақытша шеттелді, деп хабарлайды Vesti.kz. Мұндай шешімді Невада штатының атлетикалық комисиясы (NSAC) қабылдады. MMA Junkie ақпаратынша, өткен кездесуде Агапованың мұрын сүйегіне зиян келген. Осы себепті комиссия Марияны жекпе-жектерден 180 күнге және 30 күн жаттығудан шеттеді. Ал Мазо октагонға 30 күн шыға алмайды және 21 күн жаттығуына тыйым салынды.