Роналду екі рекорд жаңартты
Роналду екі рекорд жаңартты
Әлем чемпионатына іріктеу аясында өткен матчта Португалия құрамасы өз алаңында Люксембургті ойсырата ұтты. А тобындағы кездесу Алгарведе өтіп, 5:0 есебімен аяқталды. Бұл ойында Криштиану Роналду хет-трик (8, 13 және 87-минут) жасады, алдыңғы екеуі пенальтиден. Сонымен бірге, Бруну Фернандеш (18) және Жоау Пальинья (69-минут) бір голдан салды. Осылайша, Роналду құрама сапында 10 хет-трик жасап, 2019 жылы өзі орнатқан рекордты жаңартты. Бұл шабуылшының ұлттық команда үшін салған 113, 114 және 115-ші добы – ол әлем рекордын жаңартып отыр. Сонымен қатар, Криштиану енді Әлем чемпионатындағы іріктеу матчтарындағы 36 голымен Иран құрамасының футболшысы Әли Даеямен екінші орынды бөлісуде.