Суық қару сатқан семейлік студент ұсталды
Суық қару сатқан семейлік студент ұсталды
234
оқылды
Семей қалалық ПБ Әуезов ПБ қызметкері әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында онлайн хабарландырулар платформасының «спорттық коллекция» санатында белгісіз тұлға «кастет» суық қаруын заңсыз сатпақ болған жарнаманы байқаған.
"Аталған ақпаратты тексеру үшін Криминалдық полиция бөлімінен арнайы топ құрылды. Белгісіз тұлғаны анықтау үшін полиция қызметкері өзін сатып алушы ретінде таныстырады. Сатушы заң бойынша алып жүруге рұқсат етілмеген суық қаруды тұрғылықты жерінен өзімен бірге алып, тұтынушыға жеткізбек болады. Нәтижесінде күдікті Семей қаласының 18 жасар тұрғыны екені белгілі болады. Жауап алу барысында студент кінәсін мойындады",- деді Семей қалалық Полиция басқармасының бастығы Шалқар Құнанбаев.
Аталған факті бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.