14 қазанға арналған ауа райы болжамы
14 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: sputnik.kz
133
оқылды

Батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығыста желдің күшеюі, оңтүстік және батыста шаңды дауыл, солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.

Жамбыл облысында таулы және тау бөктерінде тұман түседі. Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел 15-20, екпіні 23-28   м/с күшейеді. Алматы облысы Алакөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді. Қызылорда облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік, батыс, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.