«Бағасы арзан» – астанаға Қостанайдан 50 тонна ет, 60 тонна картоп алып келеді
«Бағасы арзан» – астанаға Қостанайдан 50 тонна ет, 60 тонна картоп алып келеді
Фото: astana.kz
151
оқылды

16-17 қазан күндері астанада Қостанай облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, екі күн ішінде облыстың 14 ауданы мен 3 қаласынан 50-ден астам кәсіпорын өз өнімдерін ұсынады. Атап айтқанда, Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Қарасу, Қамысты, Қостанай, Меңдіқара, Наурызым, Сарыкөл, Таран, Федоров, Ұзынкөл аудандары және Арқалық, Рудный, Қостанай қалалары бар.

Кәсіпорындар 270 тонна көлемінде 100-ден астам өнім түрлерін: 50 тонна ет, 31 тонна сүт өнімдері, 20 тонна шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар, 27 тонна жарма мен макарон өнімдері, 60 тонна картоп пен көкөніс, 20 тонна ұн өнімдерін алып келеді.

Баға нарықтық бағадан 10-15% төмен болады.

Астанада демалыс күндері өтетін жәрмеңке 31 қазанға дейін жалғасады. Бұған дейін 11 облыс жәрмеңкесін өткізді.