16-17 қазан күндері астанада Қостанай облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, екі күн ішінде облыстың 14 ауданы мен 3 қаласынан 50-ден астам кәсіпорын өз өнімдерін ұсынады. Атап айтқанда, Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Қарасу, Қамысты, Қостанай, Меңдіқара, Наурызым, Сарыкөл, Таран, Федоров, Ұзынкөл аудандары және Арқалық, Рудный, Қостанай қалалары бар.Баға нарықтық бағадан 10-15% төмен болады.Кәсіпорындар 270 тонна көлемінде 100-ден астам өнім түрлерін: 50 тонна ет, 31 тонна сүт өнімдері, 20 тонна шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар, 27 тонна жарма мен макарон өнімдері, 60 тонна картоп пен көкөніс, 20 тонна ұн өнімдерін алып келеді.
Астанада демалыс күндері өтетін жәрмеңке 31 қазанға дейін жалғасады. Бұған дейін 11 облыс жәрмеңкесін өткізді.