Ақсу Жабағылы қорығынан қабан атып алған ер адамды жауапқа тартты
Ақсу Жабағылы қорығынан қабан атып алған ер адамды жауапқа тартты
Фото: mordovmedia.ru
361
оқылды

Түлкібас ауданының тәртіп сақшылары күндізгі сағат 12:00 шамасында Ақсу Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының шығыс беткейінде ерекше қорғалатын аумақтан қабан атып алған ер адамды анықтады.

Мемлекеттік қорыққа келтірілген шығынның көлемі  – 700 000 теңге. Бұл деректі полицейлер ҚК 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша тіркеді.

Күдіктіден айғақты зат ретінде аңшы мылтығы мен қабан ұшасы алынды. Ұсталған ер адамның қылмысы толық дәлелденіп, іс Түлкібас аудандық сотына жіберілді.

Түлкібас аудандық соты қабан атқан ер адамға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.