Павлодарда 11 жастағы бала шұңқырға түсіп кетті
Павлодарда 11 жастағы бала шұңқырға түсіп кетті
Фото: pavlodarnews.kz
132
оқылды

Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 13 қазан күні түнгі сағат 22:27-де құтқарушыларға шақырту түскен.

«Желтоқсан көшесі, 151 мекенжайы бойынша 11 жастағы бала үйдің алдындағы шұңқырға құлап кеткен. Оқиға орнына 1 техника, 4 құтқарушы барды. Құтқарушылар баланы шұңқырдан шығарып алды. Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», – деді құтқарушылар.

Бұған дейін дәретханаға батып кеткен балалар туралы жазған болатынбыз.