Зейнеткерлерді өлтіріп, үйін өртеп жіберген күдікті ұсталды – видео
Зейнеткерлерді өлтіріп, үйін өртеп жіберген күдікті ұсталды – видео
Фото: novostipmr.com
124
оқылды

Биыл 25 қаңтарда Алтай ауданы Прибрежный кентінде үй өртенді.

Өртті сөндірген өрт сөндірушілер зорлық-зомбылықпен өлтірілген 83  жастағы әйел мен 74 жастағы ер адамның жартылай күйдірілген мәйітін тапты. Зейнеткерлердің денесінде көптеген пышақ жарақаты болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Биыл қазан айында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікті анықталды.

ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов: «37 жастағы ер адам кісі өлтіргеннен кейін ол әдейі үйді өртеп, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір күдікті қамауда, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», – деді.

https://youtu.be/X-IxMKAQJaE

Бұған дейін кәсіпкерге оқ жаудырған күдікті туралы жазған болатынбыз.