Көліктің қысқы дөңгелегі тапшы болуы мүмкін
Көліктің қысқы дөңгелегі тапшы болуы мүмкін
Фото: hightechcarfixcenter.com
289
оқылды

Себебі, тасымалдаушылар дөңгелекті аз алған. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Сарапшылардың айтуынша, биыл дөңгелекке тапсырыс 30 пайызға азайған. Сондықтан тапшылық болуы мүмкін.

Сарапшы Юрий Номикосов: «Ресейлік және қытайлық брендтердің дилерлері қысқы шиналар көлемін азайтты. Сондықтан мен автокөлік жүргізушілеріне ертерек сатып алуға кеңес беремін. Қар жаумай тұрып, шиналарды сатып алған жөн. Өйткені барлық адамға дөңгелек жетпей қалуы мүмкін», – дейді.

Сатушылардың айтуынша, былтырғыға қарағанда қысқы дөңгелек бағасы 15-30 пайызға қымбаттаған. Кәсіпкер Әмірбек Каримов: «Баға теңге мен доллардың айырмасына байланысты кішкене шамалы былтырғыға қарағанда қымбаттау», – дейді.

Қыстық шина Қазақстанда өндірілмейді. Еліміз импортқа тәуелді. Сондықтан баға сұранысқа қарай тұрақты болмайды.