Қарағандыда әйел көз жұмған соң аттракцион нұсқаушысы 2 айға қамауға алынды
Қарағандыда әйел көз жұмған соң аттракцион нұсқаушысы 2 айға қамауға алынды
Видеодан кадр: Telegram/patriot_patriot
100
оқылды
Қарағандыда әйел 30 метр биіктіктен секіріп, көз жұмған соң аттракционның нұсқаушысы қамауға алынды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
«Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу соты аттракционның нұсқаушысын екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қарағандыда 30 метр биіктіктен секіріп, ауыр жарақаттан қайтыс болған әйел бұл іспен тұрақты айналысқанын жазған болатынбыз.