Тараздағы жаппай төбелестің видеосы пайда болды
Тараздағы жаппай төбелестің видеосы пайда болды
Фото: kaz.zakon.kz
Қалалық ПД кезекші бөліміне сағат 1:22 шамасында оқыс оқиға туралы хабарлама келіп түсті. Кафелердің бірінде белгісіз біреулер төбелескен, – деп хабарлайды zakon.kz. Төбелеске не түрткі болғаны әлі анықталмады.
«Бұл фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесі тұрғысында қылмыстық істің өзге деректері жария етуге жатпайтынын ескертеміз», – дейді Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.