Жамбылға арналған 10 томдық

Жамбылға арналған 10 томдық

Елордада Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойының аясында шыққан 10 томдық жинақтың тұсаукесері өтті. Айтулы іс-шараға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Мә­дениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Сенат және Мә­жіліс депутаттары мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Әуелі сөз алған Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев бұл жинақтың маңызына кеңінен тоқ­талды.
«Біз бүгін ұлы Жамбылдың 175 жылдық мерейтойы аясында мемлекеттік тапсырыс арқылы жарық­қа шыққан 10 томдық жинақтың тұсаукесер рәсіміне жиналып отыр­мыз. Ұлы жыраудың соңында қал­ған шығармаларын ұлттың игі­лігіне жаратып, келер ұрпаққа жет­кізу – біз үшін ұлағатты парыз, асыл аманат, – деді ол.
Тұсауы кесілген 10 томдыққа Жамбыл Жабаевтың өткен ғасыр­дың басынан бастап дүние салғанға дейінгі барша өлеңдері мен айтыстары, жырлары топтастырылған. Сондай-ақ ақын шығарма­шылығы­на қатысты ғалымдардың ғылыми зерттеулері, көрнекті ақын-жазушылардың естеліктері де енген.
«Бүгін тұсауы кесіліп отырған 10 томдық жинақ жамбылтануға қосылған үлкен үлес, халқымыздың рухани қазынасын молайтқан іргелі еңбек деп есептейміз. Жыр алыбы Жамбылдың бүкіл мұрасы, оның өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктер мен ғылыми зерт­теулер, Жамбыл библиографиясы тұңғыш рет толымды басылым ретінде жарыққа шықты», – деп Мем­лекеттік хатшы туындының қа­зақ халқының руханиятына қо­сыл­ған тағы бір құнды мұра болатынына сенім білдірді.

М.ТӨЛЕУ