Ақмола облысында 49 жастағы ер адам өзін-өзі өртеп жіберген – видео
Ақмола облысында 49 жастағы ер адам өзін-өзі өртеп жіберген – видео
Фото: www.nur.kz
251
оқылды

49 жастағы ер адамның өзін-өзі өртеуге не түрткі болғанын ешкім білмейді. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Марқұмды туыстары мен көрші-қолаң соңғы сапарға шығарып салған. Бірақ оның бұл әрекетке не үшін барғанын ешкім айта алмайды. Оғаш мінезін ешкім байқамаған. Марқұмның қарындасы сол күні түсте көлігін жуды, үйін жинап жүрген дейді.

«Мен жұмысқа кетіп едім. Қаралы хабарды жұмыс берушім жеткізді. Әкеміз ауруханада жатқан. Әлі түсім сияқты. Мен келгенде күлдің қалдығы ғана қалған. Бірақ ағамның денесін таныдым», – дейді.

Ер адамның өз отбасы болмаған. Әйелінен 5 жыл бұрын ажырасып кеткен. Марқұмның өртеніп жатқанын көршісі көріпті. Бірақ аман алып қала алмаған. Содан қатты шошынып қалған ол әлі өз-өзіне келмей жатқан көрінеді.  Полицияға хабар беріп қана үлгеріпті.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Пинчук: «Өзін-өзі өлтіруге жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі  тергеу басталды. Оның барысында өзін-өзі қол жұмсаудың себебі анықталатын болады. Оқиға орнында өлім алды хаты болған жоқ», – дейді.

  https://youtu.be/0OQhcb-CTfM