Момышев жаңа қызметке тағайындалды
Момышев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: primeminister.kz
151
оқылды

Бұл туралы Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы, бухгалтер-экономист. 1994-1996 жылдары – қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры. 1997-1998 жылдары – Жамбыл стандарттау және метрология орталығы директорының мемқадағалау жөніндегі орынбасары. Әр жылдары жеке компанияларда жұмыс істеді. 1998-1999 жылдары – Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті. 1999-2000 жылдары – Жамбыл облыстық инвестициялар және ЖЭС комитетінің төрағасы. 2000 жылдары – «Метрология» РМК Алматы бөлімшесінің басшысы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» АҚ директорының бірінші орынбасары. 2000-2005 жылдары – «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ААҚ Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының басшысы. 2005-2010 жылдары – Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары. 2010-2014 жылдары – Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы. 2014-2016 жылдары – Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы. 2016-2018 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. 2019-2021 жылдары – ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы. 2021 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін Энергетика министрлігінің аппарат басшысы болды.