Асханадан садақа жәшігін ұрлаған әйел бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Полицияға асхананың қызметкері шағымданған.https://youtu.be/hP7Ld23JSaoАлмалы аудандық ПБ бастығының орынбасары Владимир Решетников: «Жедел іздестіру нәтижесінде, ұрлық жасады деген күдікпен 40 жастағы әйел ұсталды. Әкімшімен сөйлескенде, ол ақша жинауға арнап орнатылған қорапқа назар аударған. Оның іс-әрекетін ешкім бақыламайтынын пайдаланып, ол қолма-қол ақша ұрлады, – дейді.
Садақа жәшігі қайырымдылық ұйымдарының біріне тиесілі екені анықталды. Ұсталған Ш.есімді әйел бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстар үшін бірнеше рет жауапқа тартылған.