Мемлекетке алаяқтар қанша миллиард теңге залал келтірді?
Мемлекетке алаяқтар қанша миллиард теңге залал келтірді?
Фото: yandex.kz
127
оқылды

Биыл 8 айда ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша 31,9 мың заңбұзушылық тіркелді. Былтырғыдан 39%-ға өскен. Былтыр 23 мың дерек тіркелген.

Биыл интернет алаяқтық 16,6 мың болды. Оның 266-сы төлем картасы, 108-і ақшалай қарыз, 31-і несиеге қатысты, 6-уы жер құқықтық қатынастары және жылжымайтын мүлікке байланысты болған. Жыл басынан бері 125,2 мың қылмыстық құқық бұзушылықтың 25,5%-ы «Алаяқтық» бабы бойынша екені анықталды. Қылмыстық құқық бұзушылықтың басым бөлігі Алматыда 6,4 мың факт (былтырғымен салыстырғанда 38%- ға көп) тіркелген. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан (5,2 мың құқық бұзушылық, +79,3%) және Шымкент (2,9 мың құқық бұзушылық, +20,5%) жиі болған. Көбінесе алаяқтықты жұмыссыздар жасаған, олардың саны – 3,7 мың адам. Алаяқтар арасында – 121 жұмысшы, 110 мемлекеттік қызметкер, 101 жеке кәсіпкер, 36 оқушы, 9 әскери қызметкер бар.

Сегіз айда алаяқтық бойынша 47,4 млрд теңге залал келтірілген. Оның ішінде, жеке тұлғаларға – 34,9 млрд теңге, мемлекетке – 8,3 млрд теңге және заңды тұлғаларға – 4,2 млрд теңге.