Демалыс күндері ауа райы қандай болады?-15.10.2021
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?-15.10.2021
Фото: wallpapersafari.com

Алдағы екі-үш күнде ауа райына антициклон әсер етеді.

Барлық өңірде жауын-шашынсыз, жылы күн райы сақталады. Еліміздің тек батыс бөлігінде ғана циклон әсерінен жаңбыр жаууы мүмкін. Батыс және оңтүстік бөлігінде жел күшейіп, шаңды дауыл болады.

Республиканың батыс, солтүстік-батыс бөлігінде күндіз ауа температурасы 12-22 градус жылы болса, солтүстік, шығыс және орталығында 13-20 градусқа дейін, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста 13-23 градусқа дейін жоғарылайды.