Тоқаев ТМД елдері арасында вакцина паспортын мойындау процесін жеделдетуді ұсынды
Тоқаев ТМД елдері арасында вакцина паспортын мойындау процесін жеделдетуді ұсынды
© azattyq-ruhy.kz
133
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері арасында вакцинация паспортын ресми түрде қолдану процесін жеделдетуді ұсынды. Бұл туралы ол ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысында айтты, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президент әлемді жайлаған індетпен күресте вакцинацияның маңыздылығын ескере келе, бүгінде еліміз бұл бағытта КВИ-ге қарсы вакцина шығару бойынша тиімді жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның өзге елдерге де вакцина тасымалдауға қауқарлы екені айтылды.
«Қазақстан өзара тығыз ынтымақтастыққа, тәжірибе алмасуға және мүмкіндік болған жағдайда өз вакциналарын жеткізуге дайын. Сондай-ақ ТМД кеңістігінде вакцинация паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын. Бұл өзара сенім мен ынтымақтастық жолында маңызды рөл атқарады. Осындай шешімді қабылдай отырып, біз азаматтардың еркін жүріп-тұруын қамтамасыз етеміз және іскерлік байланыстарды жандандырамыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.