Жамбыл облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, бір адам көз жұмды
Жамбыл облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, бір адам көз жұмды
© liter.kz
216
оқылды
Жамбыл облысында екі автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды, – деп  хабарлайды Polisia.kz. 15 қазанда таңғы сағат 07:20 шамасында жергілікті маңызы бар Тараз-Сарыкемер автожолының 6-шақырымында Audi-B4 маркалы автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі Сарыкемер ауылынан Тараз қаласына келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, 21 жастағы жігіт жүргізіп келе жатқан ВАЗ-2104 маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан ВАЗ-2104 маркалы автокөлігінің жүргізушісі есін жимастан, оқиға орнында көз жұмып, 6 адам түрлі дене жарақаттарымен Сарыкемер аудандық ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар тиісті сараптама тағайындалды. https://www.youtube.com/watch?v=jEgFOAX3RX4