Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 15 қазан күні сағат 15:00 шамасында Сүйінбай даңғылында болды.
«Мемлекеттік нөмірі жоқ «Audi S-2» маркалы көліктің жүргізушісі Сүйінбай даңғылымен солтүстік бағытта келе жатып, № 200-ші ғимаратқа қарама-қарсы жерде жолды кесіп өтпек болған 1997 жылы туған С. есімді жаяу жүргінші қағып кетті. Содан кейін инерциямен қарсы жолаққа шығып, автобус аялдамасында тұрған 1996 жылы туған А. есімді жігітті қақты. Одан әрі жарық бағаны мен № 204 үй қоршауына соғылды», – деді Алматы қаласы ПД анықтау бөлімінің бастығы Олжас Шәріпов.Жол апаты салдарынан С. есімді 24 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмды. Ал, А. есімді 26 жастағы жігіт Алматыдағы ауруханалардың біріне жеткізілді.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді полиция өкілі.