Ауғанстан мешітінде жарылыс болды
Ауғанстан мешітінде жарылыс болды
173
оқылды
Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар қаласында жұма намазы кезінде үлкен жарылыс болды, деп хабарлайды Reuters сайты. Басылым мәліметінше, жарылыс жұма намазы кезінде қала орталығындағы Имам барах мешітінде болған. Осы арада BBC кем дегенде 16 адамның қаза тауып, 32 адамның зардап шеккені туралы мәлімдеді. Куәгерлердің хабарлауынша, оқиға кезінде мешітте адам көп болған. Әдетте, жұма сайын мешітке келушілер саны артады. Жарылыстан кейін оқиға орнына кем дегенде 15 жедел жәрдем көлігі жеткен.