Алматыда өрт шыққан үйден ана мен бала құтқарылды
Алматыда өрт шыққан үйден ана мен бала құтқарылды
© CC0 / pixabay.com
145
оқылды
Алматыда жанып жатқан бес қабатты үйден анасы мен төрт жасар баласы құтқарылды. Оқиға 14 қазанда кешкі сағат төртте болған. "101"-ге Алмалы ауданындағы өрт туралы алаңдаған тұрғындардың қоңыраулары келіп түскен.
"Жол бойында өрт сөндірушілер қалың қара түтінді бақылағанын жеткізді. Бірінші өрт сөндіру бригадасы келген кезде, бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы балконның жанып жатқанын анықтады. Жиһаз жанып кеткен, жалын бірнеше минутта үйдің барлық шатырын шарпыған. Баспалдақта жоғары температура, пәтерлерде адамдар болған", - деп хабарлады қалалық ТЖД.
Жағдайға байланысты жеке құрамға пәтердің алдыңғы есігін ашып, балалы әйелдерді құтқару тапсырылды.
"Әйел көмек сұрады, олар қатты түтін мен температураның салдарынан пәтерден баспалдаққа шыға алмаған. Пәтерден 34 жастағы үй иесі мен оның төрт жасар ұлы табылды. Аға өрт сөндіруші Сабыржан Әділмұрат пен Талант Әбен баланы көрпеге орап, екі адамды таза ауаға шығарды. Бақытымызға орай, оларға медициналық көмек қажет болмады", - деп хабарлады департаментте.
Өрт 7 минут ішінде ауыздықталып, 16:38-де толық сөндірілді. Оған екі өрт сөндіру бөлімшесі, 5 автотехника, жеке құрамның 17 адамы жұмылдырылды.