Экономикалық ықпалдастық әдістерін жетілдіруді ұсынды
Экономикалық ықпалдастық әдістерін жетілдіруді ұсынды
164
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президентінің төрағалығымен бейнебайланыс форматында өткен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент осыдан 30 жыл бұрын Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың бастамасымен Алматыда өт­кен мемлекеттер басшыларының кездесуінде ТМД құру туралы тарихи декларация қабылданғанын еске салды. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандырып, нығайтудың ма­ңыз­дылығын басты міндет ретінде атады. Соның ішінде Президент ТМД елдері арасындағы өнер­кәсіптік кооперацияны кеңейтуге баса мән бере отырып, экономи­калық ықпалдастықтың әдістерін жетілдіру қажет екенін мәлімдеді. Осыған байланысты Өнеркәсіптік кешендерді дамытудың кемінде 2025 жылға дейінгі жаңа бағдар­ламасын әзірлеуді және Көрсеті­летін қызметтер саудасы туралы келісімге қол қоюды ұсынды. Қасым-Жомарт Тоқаев панде­мияның салдарын еңсерудің маңы­зына тоқталды.
– ТМД елдері күрделі кезеңде бір-біріне қолдау көрсетіп, қажетті көмек беру арқылы бірлік пен ын­тымақтастықтың үлгісін танытты. Осы ретте Ресей маңызды рөл ат­қарды. Елдеріміз СOVID-19 ін­детімен күресте, оның ішінде вакцина әзірлеу саласында жақсы тәжірибе жинақтады. Қазір ха­лыққа жаппай екпе салу ғана жағ­дайды түзетуге, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы.
Бұл ретте, Президент тығыз ын­ты­мақтастық орнатуға, тәжіри­бе алмасуға және қазақстандық вакциналарды жеткізу мүмкінді­гіне тоқталып, ТМД кеңістігінде вакцинация паспорттарын өзара мойындау үдерісін тездетуді ұсынды. Мемлекет басшысы тер­роризм­­­нің, діни экстремизм мен есірткі саудасының күшейе бас­таған сын-қатерлеріне қарсы бір­лесіп күресуге мән бере отырып, қауіпсіздік саласындағы ТМД елдері ынтымақтастығының тетік­терін жетілдіру мәселесін маңызды міндеттің бірі ретінде атады. Пре­зи­дент Ауғанстандағы қалыптас­қан жағдайға байланысты аталған сын-қатерлердің басты мәселеге айналғанын жеткізді. Сонымен қатар Президент сөй­леген сөзінде экология, қор­шаған ортаны қорғау мәселелерін ілгерілету мен шешу үшін ынты­мақ­тастыққа шақырды. Мемлекет басшысы ТМД кеңістігіндегі трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану проб­лема­ларын шешу үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін айтты. 2022 жылы еліміз ТМД-ға тө­ра­ғалық етеді. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін аймақтық тұтас­тықты одан әрі ілгерілету және Достастық елдері кеңістігіндегі ынтымақтастықты арттыру жо­лында бірлесе белсенді жұмыс істеуге бейілді екенін жеткізді. Отырыс қорытындысы бо­йын­ша ТМД-ға мүше мемлекеттердің басшылары Тәуелсіз мемлекеттер достастығының 30 жылдығына байланысты мәлімдемеге және ұйымды одан әрі дамытуға бағыт­талған бірқатар құжатқа қол қойды.